Қант зауыты диқандарға 2,2 млрд теңгелерін бермей қойған
Видеодан скрин
Жамбылда диқандар қырылып, қырқысып жүріп өткізген өнімдерінің ақысын әлі ала алмай жүр. Келісім шартқа сәйкес келісіне кәсіпорын 15 теңге төлеу керек екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақшасын айтсақ, қисапсыз қызылша егіп, құлаштап тірлік еткен 200-ге жуық шаруаға зауыт 2 млрд-тан аса ақша қарыз.
“Президенттің тапсырмасын орындамаған адамдар жауапқа тартылуы керек, судың да сұрауы бар”, – дейді диқандар.
Шарулара өткен жылы өткізген өнімдеріне 15 теңге төлесін деп кәсіпорын басшысына талап қойды. Диқандардың төлемді ала алмай жүргендеріне бір жылға жуықтаған.
Әр келіге 15 теңге төленуі керек болған. Кәсіпорын өнімді қабылдағаннан кейін шаруаларға екі айдан кейін ақша түседі деп уәде еткен. Алайда бірнеше ай өтсе де қаржы әлі де жоқ.
Қызылша егіп күн көріп отырған диқандар қазір қарызға батқан.
“Жерімізді тегістеп, жыртып қойдық. Алайда егін егілмей қалып кетті. Өйткені ақшамыз жоқ. Не істейміз”, – дейді олар.
Зауыт директоры қызметінен кеткен.
Ал салалық басқарма келісіне зауыт төлеуі керек 15 теңгеден бөлек мемлекет қаражатынан 25 теңге тағы төлеген. Кәсіпорын жалпы есепте шаруаларға 6 миллиард теңге қарыз болып оның 3,8 миллиардын ғана өтеген екен.
“Мамыр айында қант қымбаттаған кезде төлем береміз деген. Алайда төлеген жоқ. Қанша қант сатылғанын да білмейміз”, – дейді диқандар.

Қай айларда шетелге саяхаттау арзан
