Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Канелоның» промоутері үшінші жекпе-жекті өткізу үшін Головкинге шарт қойды

Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкиннің мексикалық  Сауль Альвареске қарсы үшінші жекпе-жегі тек өз шарттарының негізінде ғана өтетінін айтты.

Оскар де ла Хойя

Бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бұл жолы мексикалық боксшының өкілдерді Головкинге өз шарттарын қоятынын мәлімдеді.

«Эрик Гомес Том Леффлермен келіссөз жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта «Канело» 168 фунтқа көтерілді. Мұны Головкин қандай да бір себепті ешқашан жасағысы келмеген еді.

Егер «Канело» 15 желтоқсанда жеңіске жетсе, ол орта салмаққа қайтып келіп, қайтадан үздіктермен айқасатын болады. Егер Головкин жұдырықтасқысы келсе, менің оған ұсынатын нақты белгілеп отырған сомам бар. Егер ол біз атаған ақшаға жұдырықтасқысы келмесе, біз басқа боскшымен жекпе-жек өткіземіз. Головкинге нақты қанша ақша ұсынатынымызды айта алмаймын. Алайда қазір «Канело» өз жағдайына риза. Головкин, өз ісіңді жаса. Дайын болған кезіңде есігімізді қақ. Біз саған дайын боламыз», – дейді Де ла Хойя.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау