"Канело" Ковалевті жойқын нокаутқа түсірді
Ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалев мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агеніттігі.

АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласының MGM Grand аренасында жартылай ауыр салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласта ресейлік бокшы нокаут алды.
Кештің басты кездесу 11-ші раундта мерзімінен бұрын аяқталып, мексикалық боксшы төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанды. Осылайша, өзінің 53-ші жеңісіне қол жеткізді.
Бұған дейін Альварес кәсіпқой шаршы алаңда 52 кездесуде (35 нокаут) жеңімпаз атанып, бір рет жеңілген, ал екі кездесуді тең аяқтаған. Ал Ковалев 34 кездесуде (29 нокаут) жеңіске жетіп, үш рет жеңілген, сондай-ақ бір кездесуде тең түскен.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты