Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігі қандай жағдайда кері қайтару керектігі айтылды
БЖЗҚ қандай жағдайда зейнетақы қорының бір бөлігін кері ала алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Уәкілетті операторға растаушы құжаттарды белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, бұл қаражат салымшының БЖЗҚ-дағы зейнетақы шотына қайтарылуы тиіс. Салымшы сұратқан зейнетақы жинақтарының сомасын БЖЗҚ уәкілетті оператордағы арнайы шотқа аударғаннан кейін 45 жұмыс күні ішінде бұл қаражаттың инвестициялық басқарудан алынатынына, демек, оған инвестициялық табыстың есептелмейтініне назар аударғымыз келеді", - деп хабарлайды біріңғай жинақтық зейнетақы қоры.
Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларынан салымшы таңдаған және оның өтінішінде көрсетілген тәсілге сәйкес жеке табыс салығын есептеу және ұстап қалу жүргізіледі.
"БЖЗҚ-ғы зейнетақы активтерінің 2020 жылғы жылдық табыстылығы 10,92% құрады. Егер осы деректерді негізге алсақ, мәселен, 45 жұмыс күні ішінде мақсаты бойынша пайдаланылмаған біржолғы зейнетақы төлемінің 5,5 млн теңге мөлшеріндегі орташа сомасын уәкілетті оператордағы арнайы шоттан БЖЗҚ-ға аударғаннан кейін осы кезеңдегі салымшы толық алмаған инвестициялық табыс мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрауы мүмкін. Бұдан басқа, арнайы шотқа аударылған зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейін ескере отырып, олардың сақталуы бойынша мемлекеттің заңда көзделген кепілдігі қолданылмайды", - дейді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры.
Зейнетақы жинақтарының мақсатты пайдаланылуын растау үшін қажетті құжаттардың тізімін өтінім бергенге дейін мұқият зерделеп, оларды уәкілетті операторға уақытылы ұсынуды қамтамасыз еткен жөн.