Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымынан айырылды
Фото: primeminister.kz
“Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамында өзгеріс болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2025 жылғы 14 қазандағы жалғыз акционердің шешімімен Қанат Шарлапаев директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған.
Өзгерістерден кейін “Бәйтерек” холдингінің директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.
Айта кетейік, 29 қыркүйек күні Қанат Шарлапаев “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылған еді.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі. 2022 жылдың соңында Қазақстан азаматтығын алған.
Ол 2023 жылдың 4 қыркүйегінде Тоқаевтың жарлығымен өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. 2025 жылдың 28 ақпанында министр лауазымынан босатылып, президенттің көмекшісі болып тағайындалды.
2025 жылдың 25 қыркүйекте мемлекет басшысы Шарлапаевты президенттің көмекшісі лауазымынан босатты.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?