Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Исламның қарсыласы Брэндон Кук Астанаға келді (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (24-0,19КО) кезекті қарсыласы канадалық Брэндон Кук (18-0, 11КО) Астанаға келді.

bc2560865d2295c2aba7aadd21ef108b_L

«Қыркүйектің 9-ы күні Қазақстанның «Сарыарқа» велотрегінде бокс кеші өтеді. Үлкен жекпе-жек өтетін күнді асыға күтіп жүрмін. Менің командама өте керемет тәжірибе болады. Біз осындамыз және біз дайынбыз», – деп жазды канадалық боксшы өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Ислам – Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қоғайды.

Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Бұған дейін ғаламторда Қанат Ислам – Брэндон Кук айқасының жаңа промо-ролигі шыққан болатын.

Оқи отырыңыз:

“Челси” футболшылары қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті (фото, видео)

Таразда сал ауруына шалдыққан балалар футболшыларға тосынсый жасады

Арман Әшімов: Жеңілмеген спортшыны нокаутқа түсірген кезде үш мың адам қоңырау шалды

Алматы облысының әкімі жастармен футбол ойнады

Талқылау