Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда сал ауруына шалдыққан балалар футболшыларға тосынсый жасады

Сал ауруына шалдыққан павлодарлық балалар «Ертіс» футболшыларының киіну бөлмесін суреттерімен əсемдеп қойды.

zlUzznYF8j8

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Премьер-Лиганың 25-турындағы «Тараз» — «Ертіс» ойынына тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оңалтудың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілері сүйікті командасына тосын сый жасады, деп жазады pavlodarnews.kz. 

VBz2VDE8TCk

Олар матч алдында футболшыларды қуантып, жеңіске жігерлендіру мақсатында өздерінің суреттерін Таразға беріп жіберген. Ойыншылар киіну бөлмелеріне кіргенде суреттерді көріп, ерекше әсерге бөленді. Ал, 25-турдағы кездесуге тоқтала кетсек, тараздықтар мен павлодарлықтар 1:1 есебімен тарқасты. Ойынның жетінші минутында Бақтиер Зайнутдинов алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймда бразилиялық Антонио Родриго алыстан соққы бағыттап, гол соғып, «Ертісті» жеңілістен құтқарып қалды.

VBz2VDE8TCk

Еске сала кетейік, «Ертіс» ФК сал ауруына шалдыққан балалармен тығыз жұмыс жасайды. Осыған дейін ел біріншілігің 15-турында «Ертіс» – «Оқжетпес» ойынына футболшыларды балалар алаңға алып шыққан. Жуырда команда орталыққа барып, мүмкіндігі шектеулі жандармен сұхбаттасып, сыйлықтар табыстаған болатын.

Тағы да оқыңыз:

“Челси” футболшылары қарағандылық балалар үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті (фото, видео)

Алматыға Майк Тайсон келеді

Дін министрлігі: Қысқа балақ пен ұзын сақалға тыйым салынбайды

Талқылау