Қанат Ислам: Қуатқа тиген жұдырық біздің жүрегімізге пышақтай қадалып тұрғанын сезінсін
Қанат Ислам спортшы бауыры Қуат Хамитовты қолдап, оның ерлігін баяндады. Әріптесін намысқой, нағыз қазақ батыры деп атады.
“Қуатты жақын танығаныма 15 жылдай болыпты. Мен оны шын батыр, намысқой азамат ретінде ерекше құрметтеймін! Ол қазақтың ту қылып ұстар айрықша ардақты азаматы! Оған жала жабылып жатыр ма, әлде бірдеңені мойындатпақшы болып қысым көрсетіп жатыр ма, әйтеуір бір қорлықтың болып жатқанын естіп жатырмын! Қуаттың намысын қорламаңдар! Оның намысы барша қазақ жігіттерінің намысы!!!” – деп жазды Қанат Ислам.
Спортшы әріптесінің зұлымдық көріп, бекерге азап шеккеніне қаймықты. Оған тиген жұдырық біздің жүрегімізге тиді деп теңеді.
"Елім, жерім" деген ержүрек жігіттердің кеудесін баса бергеннен пайда да, абырой таппайсыңдар! Бұл әрекеттері қазақтың жігіттерінің өшпенділігін өршітпесе жігерін жасыта алмайды. Қуатқа тиген жұдырық біздің жүрегімізге пышақтай қадалып тұрғанын сезінсін!!! Қуат бауырым! Біз сенімен біргеміз!!! Рахмет, батырым”, – деп жазды Қанат Ислам.
- "Спорттық мансабымды аяқтаймын": Алматыда ұсталған Қуат Хамитов босатылған соң пікір білдірді
- "Қуат Хамитов алаңға қара халықты қолдауға шықты": Қазақстандық журналист спортшыны жақтап шықты
Желідегі бауырының жазбасына Қуат Хамитов алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.
“Отанды сүю Иманнан! Алла жар болсын бауырларым!”, “Сендердей қазақтың туын желбіретіп жүретін, қайратты қазақ жігіттер көп болсын”, “Заңсыз қамалып жатқандардың бәрін шығарту керек”, “Жарайсың, Канат, батырлар бір жағадан жең шығарып осылай колдау керек, ал қорқаулар бұғып жата берсін”, “Өте орынды!!! Біз сіздермен біргеміз”, – деп жазды желідегі оқырманы.
Айта кетейік, Қуаттың қамалғаны жайлы 11 қаңтар күні белгілі болған еді. Бүгін спортшыны босатылғаны хабарланды.
Бұған дейін журналист Мақсат Толықбай алаңға шыққаның бәрі террорист емес деп көп алдына шықты. Журналист тергеудің әділ өткенін қалайды.