Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Әлжаппаровтың жары: Егер күйеуім жесір әйелді тоқалдыққа алам десе, қарсы болмас едім

Белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың жары Нұргүл Құдайбергенова карантин кезінде немен айналысқандары, жолдасы екеуінің бір-біріне бүкпесіз айтатын сын-пікірлері, отбасылық өмірдегі қызық оқиғалары туралы әңгімеледі.

Бұл туралы “Жұлдыздың жары” бағдарламасында айтылды.

Нұргүл Құдайбергенова Қанат танылмай тұрған шақта онымен бас қосқанын, КВН-ге бірге шыққанын айтады. Мен оның өнерін қолдадым дейді жары. 

“Менің ата-енем Қанаттың жайдарманға, әзілге, КВН-ге барғанын қолдаған жоқ. Біз үйленген жылы Қанат Алматыға көп баратын. КВН-ге қатысатын. Ата-анасы ұрысқан соң екеуміз бірге баратын болдық. Ата-енеме менің төркініме барамыз деп өтірік айтатынбыз. Мені төркініме апарып тастайды. Сосын өзі КВН-ге кетеді. Сөйтіп жүріп танылды. Тұрсынбек Қанатты КВН-нен көріп шақырды. Мен оған тек қолдау көрсеттім. Ол өзі өнерді жақсы көрді”, – деді жары. 

Нұргүл Құдайбергенова жолдасына сенім артады. Үй жұмысын толықтай өз мойнына алған. Алайда кәсіп ашып, жұмыс істеуге немесе мамандығы бойынша жұмыс істеуге күйеуі рұқсат етпейтін көрінеді. 



“Мен бастауыш сынып мұғалімі мамандығын оқыдым. Мектепте жақсы оқыдым деп айта алмаймын. Қанат та жақсы оқымаған. Бірақ, Аллаға шүкір, жақсы тұрып жатырмыз. Мектепте жақсы оқыған балалар да қарапайым жұмыс істеп жүр. Сондықтан мен балаларымды сабақ оқытып, қинағым келмейді. Күйеуім жұмыс істегенімді қаламайды. Кәсіппен айналысайын десем де рұқсат жоқ. Мүмкін маған сенбейтін шығар. Ақшаны өзім табамын дейді. Сондықтан мен үйде отырмын. Балалы-шағалы болдық. Бала тәрбиесін қолға алдым. Солай уақыт өтті”, – деді ол. 

Айтуынша, жолдасы Қанат өте балажан. Сондықтан бала тәрбиесіне, жалпы отбасына жауапкершілікпен қарайды. 

“Көп адам Қанатты жауапсыз деп ойлайды. Ол үнемі әзілдеп жүретін болған соң жауапсыз көреді.  Бірақ ол қайда кеткенін, қайда жүргенін айтып жүреді. Көп қыдырады, бірақ балаларым бар кезде мен жаман жолға бармаймын деп мені сендіріп қойған. Үйде не болып жатқанын, қандай проблема барын сұрап тұрады”, – дейді Нұргүл.

Қанат үйдің кіші баласы болғанымен, ерлі-зайыптылар ата-енеден бөлек, қалада бөлек тұрып жатыр. Алайда ата-енесіне жиі барып тұрады екен.

“Қанат кіші бала болғандықтан, ата-анасынан кете алмайды. Тек жұмысы қалада болғандықтан, қазір Қызылордада тұрамыз, бірақ ауылға да жиі қатынаймыз. Енеммен жақсымын, сағаттап әңгіме айтамыз”, – дейді әзілкештің әйелі. 

Талқылау