Таңғажайып кадрлар: 35 мың жылдық мамонт мумиясы табылды
Канаданың қиыр солтүстігіндегі Клондайк атты алтын кеніштің кеншілері түкті мамонт төлінің мумияланған денесін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жергілікті тұрғындар, Цхондек-Хвачин қауымының үндістері жануарды Нунчога деп атаған, оның мәні "үлкен жануардың күшігі" дегенді білдіреді.
Палеонтолог Грант Зазулдың айтуынша, мамонт төлі мұз дәуіріне жататын бұған дейін ешқашан табылмаған мумияланған жануарлардың ішіндегі ең кереметі.
Мамонт төлінің қалдықтары 21 маусымда АҚШ-тың Аляска штатымен шектесетін Юкондағы Доусон қаласындағы қазба жұмыстары кезінде табылды.
Жануар осыдан 30 000 жыл бұрын болған мұз дәуірі кезінде жойылып кеткен. Оның ұрғашы екені анықталды. Ол кезде өңірде түкті мамонттар, жабайы жылқылар, үңгір арыстандары және алып дала бизондары мекендеген.
CBS мәліметінше, Нунчога бір айлық кезінде өлген. Мумияның мінсіз күйі оның батпаққа батып, кейін мұзды дәуір басталғанда қатып қалғанын көрсетке керек.
Меркурийдің алғашқы суреттері жарияланды
Палеонтолог Грант Зазула бұл олжаны "Солтүстік Америка палеонтологиясындағы ең маңызды жаңалық" деп атады. Ресми өкілдер жануардың терісі мен жүнінің көп бөлігі бүтін екенін айтты және бұл континентте табылған сүтқоректілердің ең толыққанды мумиясы деп саналады.
Палеонтологтардың сөзінше, жануарды тауып алғандары сәттіліктің арқасы. Зазула екі геологты іздеп, мамандарды мумияны тауып алған жерге алып келген. Жануар табылған жерде жауын жауып, мумия батпаққа батып кете жаздаған.
Тарихтағы ең үлкен балық ауланды: Оның сыртқы көрінісі қандай
Айта кетейік, Нунчоги табылмай тұрып бүтіндей табылған мамонт төлі 2007 жылы Сібірде қазылған Люба есімді жануар болатын.
Юкон үкіметінің мәліметі бойынша, Люба мен Нунчогоның көлемі шамалас, ұзындығы бір жарым метрдей болады. Любаның жасы Нунчогоның жасынан үлкенірек, 42 мың жыл деп есептеледі.