Үйленуге уәде берген павлодарлық 17 жастағы қызды зорлағаны үшін ұзақ мерзімге сотталды
Павлодарда жігіт жасөспірім қызбен желіде танысып, оны басқа қаладан келуге көндірген. Ер адам 18 жасқа толғанда үйленемін деп уәде беріп, жыныстық қатынасқа ертерек түскісі келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Павлодар облысы полиция департаменті
Тергеу нұсқасы бойынша 17 жастағы қыз өткен жылы Павлодарға келген. 29 жастағы жігіт оған 18 жасқа толуын күтіп, бірден АХАЖ-ға баруды ұсынған. Қыз кәмелетке толғанға дейін ешқандай жақындық болмайды деп уәде берген. Алайда, сөзінде тұрмай, зорлық жасаған. Қылмыстық іс сотта екі бап бойынша қаралып, ол айыпты деп танылды.
“Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза ретінде 15 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және педагогикалық қызметпен, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге өмір бойына тыйым салу тағайындалсын”, – деді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айнұр Юсупова.
Айта кетейік, прокурор жалпы 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сонымен қатар сотталған азамат жәбірленушіге 2 миллион теңге моральдық шығын өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Таразда өгей әкесі 16 жасар қызды зорлап, жүкті қылды деген күдікке ілінгенін жаздық. Қыздың анасының айтуынша, қызын мектепте 9-сынып оқып жүргенде белгісіз біреу зорлап кеткен көрінеді. Осы оқиғадан кейін жасөспірім қыз жүкті болып қалыпты. Ал анасы қызының зорланғанын да, жүкті екенін де қыздың толғағы басталғанда бір-ақ білген.

"Аяқ-қолым мен маңдайымды кесіп кетті": Алматыдағы қонақүйлерде қыз шомылып жатқанда кабина әйнегі сынып кеткен
