Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Камбоджамен қақтығысқа байланысты Таиландтың төрт провинциясы эвакуацияланып жатыр

таиланд камбоджа

Таиланд үкіметі шекарада тай және камбоджа әскері арасында болған атыстан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресми мәліметке сәйкес, Камбоджа әскері Phu Pha Lek – Phlan Hin Paet Kon аймағында бірінші болып оқ атқан. Таиланд әскері қарсы жауап беріп, атыс біраз уақытқа созылған.

Премьер-министр және Ішкі істер министрі Анутин Чарнвиракун шекарадағы қауіпсіздікті күшейтуді және тұрғындарды қорғауды тапсырды. Қорғаныс министрлігіне жағдайды тұрақтандыру міндеті жүктелсе, провинция басшыларына ТЖ жоспарына сәйкес эвакуация жүргізу тапсырылған.

Бури Рам, Сурин, Сисакет және Убонратчатхани провинцияларының шекара маңындағы тұрғындарына қауіпсіз аймақтарға көшу ұсынылды. Әскери құрылымдар ықтимал шиеленістің күшеюіне байланысты жоғары дайындық режиміне көшкен.

Таиланд пен Камбоджа арасындағы шиеленіс

Екі ел арасындағы территориялық даулар бірнеше жылға созылған және шекара бойындағы бірқатар учаскелерді, соның ішінде көне храмдар маңын қамтиды.

Кезекті шиеленіс 2025 жылдың 28 мамырында басталды. Даулы аймақтардың бірінде қарудың қолданылуымен байланысты оқиға орын алған. Атыс екі ел де бейтарап деп есептейтін аймақта болған, онда екі тараптың әскери бөлімшелері орналасқан. Камбоджа бір сарбазының қаза тапқанын мәлімдеп, оқиғаны Таиландтан көрді. Ал Бангкок болса, керісінше, жауапкершілікті Пномпеньнің мойнына жүктеді.

Назархан Уән
Жексенбі, 07 Желтоқсан, 2025 17:05