Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдық анасы және әжесі киген той көйлегімен ұзатылды (фото)

Джулия Кейн есімді сұлу қалыңдық өзінің тойында бір кездері анасы мен әжесі киген той көйлегін киді.

147

Бұл туралы adme.ru хабарлайды.

1953 жылы әжесі Филлис осы көйлекпен күйеуге шықса, 30 жылдан соң оның Сьюзен атты қызы да жаңа өмірді осы ақ көйлекпен бастаған.

8579865-650-1460454002-Oh-Julia-Ann-Heritage-Gown-Vintage-Third-Generation-Wedding-Dress-1024x632

Джулия алғаш рет көйлекті 16 жасында киіп көрген. Ал оған сүйікті адамы ұсыныс жасаған кезде, ол отбасылық дәстүрді сақтаймын деп шешкен.

8580065-650-1460454002-Oh-Julia-Ann-Wedding-First-Unitarian-Church-Andres-St-Louis-Chameleon-Imagery-20-1024x684

Әрине, қалыңдық көйлектің бірқатар тұсын өзгертті: қолдарын алып тастап, заманауи үлгіде жасандырып шықты.

8579815-650-1460454002-Oh-Julia-Ann-Vintage-Wedding-Gown-Transformation-1024x768

“Мен бақыттымын, бәрі өте сәтті болды. Менің анам ешқашан осы көйлекті киіп тұрмысқа шық деп мәжбүрлеген емес. Бұл менің өз қалауым болды”, – дейді Джулия.

8580115-650-1460454002-collage

Талқылау