Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кальмар ойыны" сериалындағы 81 жастағы актер жыныстық қысым көрсету ісі бойынша ақталып шықты

О Ён Су  ақталып шықты

Фото: Сериал кадрларынан

Оңтүстік Кореяда 81 жастағы актер, танымал "Кальмар ойыны" сериалының кейіпкері О Ён Су жыныстық қысым көрсету ісі бойынша толық ақталып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Yonhap порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқиға 2017 жылы болған. Бір әйел актердің гастролдік сапар кезінде оны еркінен тыс құшақтап, бетінен сүйіп алғанын айтқан. Ол 2021 жылы полицияға арыз түсірген, бірақ іс жабылған. Бір жылдан кейін әйелдің өтінішімен тергеу қайта басталған. Әйел сол жағдайдан кейін жарты жыл психологқа барып жүргенін де мәлімдеген.

Бұған дейін төменгі сот актерді 8 ай түрме жазасына, 2 жыл шартты сынақ мерзімімен соттаған болатын.

Алайда Сувон қаласының округтік соты бұл шешімді жойып, актерді толық ақтады. Сот жәбірленушінің естеліктері уақыт өте бұрмалануы мүмкін екенін айтып, күмән туындаған жағдайда айыпталушының құқығын қорғау қажет екенін атап өтті. 



О Ён Су 2022 жылы "Алтын глобус" сыйлығын "Телесериалдағы ең үздік екінші ер адам рөлі" номинациясында жеңіп алған. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 13 Қараша, 2025 10:13
Талқылау