Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Күйеу жігіттің ата-анасы жанжал шығарған": Қалыңдық той көйлегі үшін өз-өзіне қол салды

 Ляман Мамедли өз-өзіне қол жұмсадыФото: The Sun

Әзербайжанның Мингячевир қаласында 19 жастағы Ляман Мамедли өз отбасы мен жігіт жақтың арасында туған жанжалдан кейін өз-өзіне қол салған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның әкесі Мурад Байрамовтың айтуынша, ауыр қазаның басты себебі той көйлегіне байланысты шыққан дау. Оның сөзінше, жігіт пен оның ата-анасы той көйлекті “өте ашық” әрі “ұятсыз” деп санап, қалыңдықтың үйінде жанжал шығарған. Байрамов әлеуметтік желілерде тараған “Ляман жас айырмашылығына байланысты тұрмысқа шығудан бас тартқан” деген қауесетті де жоққа шығарды.

Әкесінің айтуынша, жанжал “гыз тойу” – әйелдерге арналған той бөлімі аяқталғаннан кейін басталған. Салтанаттан соң жігіт Эльнур мен оның ата-анасы қалыңдықтың үйіне келіп, дау шығарған.

“Біз көйлектің қалыпты екенін түсіндірдік, бірақ олар басылмады. Келесі күні жанжал тағы жалғасты. Сол кезде екі отбасының бір-біріне сай келмейтіні айқын болды. Бірақ тым кеш еді. Қызым қысымды көтере алмай, күйзеліс пен психологиялық соққының салдарынан өзіне қол салды”, – деді Байрамов.

 Ляман Мамедли әкесіОл сондай-ақ жерлеу рәсіміне Эльнур мен оның ата-анасы келгенін, бірақ өзі оларды үйден шығарып жібергенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін күйеу жігіт өзінің үйлену тойында қайтыс болғаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 10 Желтоқсан, 2025 23:07