"Қалыңдық party өткіздік": Айгүл Иманбаева құрбыларының тосынсыйын көрсетті
ҚР мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева қалыңдық кешін ұйымдастырған құрбыларына алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/
Өнер иесі тұрмысқа шығар алдында жақын құрбысы өзіне естен кетпес тосынсый ұйымдастырған. Жаңа отау иесіне "Қалықдық Party" жасап берген. Өнер иесінің "Hen party" шарасы Англияда ерекше локацияда өткен.
“Мен негізінде адал достардан жолым болған адаммын! Ешқандай жасандылықсыз, есепсіз, үнсіз бір-біріңді қабағыңнан ,көзқарасыңнан түсінетін дос – ол менің өмірдегі бір байлығым! Сондай достарымның қатарында ағылшын елінде менің досым – Гүлшекерім бар. Бір үйде бір жыл бірге тұрдым, бір нанды бөлісіп жедім, ұзақ жолдарда бірге жүрдім – бәрін айта берсем ұзақ болар! Сезгенім оның маған аңқылдаған адалдығы, кіршіксіз тазалығы! Жанының тазалығы, жүрегінің кеңдігі, ниетінің түзулігі, өресінің ашықтығы бәрі- бәрі – бір кішкене ғана қазақтың қызы Гүлшекердің бойынан табылады. Жаратқанның бұл сыйына алғысым шексіз. Ал мына видео Гүлекемнің мен күйеуге шығардағы жасаған тосынсыйы "Қалыңдық патиі". Гүлекем! Жаным сол, сізге алғысым шексіз", – деп жазды Иманбаева.
-
"Ұлым аманаттап тапсырды": Айгүл Иманбаева неке қиған сәтінің видеосын жариялады
-
"Еркеліктің қандай болатынын үйреттің": Айгүл Иманбаева күйеуіне арнап жазба жариялады
Еске салайық, 2025 жылы актриса үйлену тойын Лос-Анжелес қаласында жасайтынын айтқан еді.
“Лондонда неке қиылып, бас қостық. Қазіргі тапқан адамым – мәңгілік махаббатым. Саналы түрде шешім қабылдадым. Бақытты сәтімде ұлым да, құрбым да жанымнан табылды. Мәһрге көлік сұрадым. “Қазақша той жасағың келе ме?” деп сұрады. Мен қарсы болдым. Бірақ құдалық өтіп, орамал салып, келіншай бердім. 2025 жылы үйлену тойымыз Лос-Анжелес қаласында өтеді ”, – деген еді актриса.