Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қалың қасымды жұлып тастадым": Тамара Асар 19 жастағы кезін көрсетті

Танымал әнші, кәсіпкер Тамара Асар жастық шағына есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

Өнер иесі оқырмандарымен бірге сыр бөлісіп, өткен күнге шегініс жасады. 

“Балғын кез… 19 жас. Қалың қасымды дым қалдырмай жұлып,өзімше
“керемет болдым” деп жүрген кез болу керек. Сіздерде де осындай қасты дым қалдырмаған кездер болды ма, қыздар?!”, – деп жазды әнші. 



Сонымен қатар эстрада жұлдызы өнерге келуіне себепші болған әкесіне арнап жазба жариялап, балалық шағынан сыр шертті. 
“Бала кезімде өнер байқауларына көп қатыстым. Сондай бір кездері ән байқаудан орын алғанда қомақты сыйлыққа ие болдым. Бізді жүлдеге ілінсең ақша береді деп қатыстыра беретін. Ақша ұтып алайын деп қатыссам керек, көркем сөз оқу, ән, би түрлі байқауда бақ сынадым. 5-сынып оқитын кезімде сондай бір байқаудан жеңіп шыққанда маған ақша емес, самаурын берді. Көңілім су сепкендей басылды. Үйге жеткенше самаурынға қарап келдім. Бір кезде әкеме келіп, “Байқаудан орын алдым, бірақ ақша берген жоқ, самаурын берді” деп ренжідім. Сол кезде әкемнің айтқан сөзі әлі есімде. “Енді сен елге танымал бағы жанған өнер адамы боласың. Берекең мен ырыс-несібең асып тасады” деді. Сол әкемнің тілегі қабыл болды. Баласының жолын ашып берді”, – деп еске алды әнші. 

Айта кетейік, өнер иесі "Туған қызым – бала күнімнен ойымда жүрген қыз" деп ана атанған сәтін есіне алды. 

 

Талқылау