"Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін": Қайрат Нұртастың қызы халыққа үндеу жасады
Фото: https://www.instagram.com/kaalau__/
Әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы Алау Нұртас желідегі парақшасында оқырмандарына өтініш айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Хитменнің қызы жазбасында жиі хейтке ұшырайтынын атап өтті.
"Неге солай? Басқа елдің адамдары маған жақсы сөздер жазып, менен шабыт алады. Ал өз елімнің халқы маған өліп тілеп, қаралап, жек көреді. Бұл – менің өмірім. Менің бет-бейнем. Менің стилім. Сондай-ақ қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін. Оны сіздер шешпейсіздер. Менің шын мәнінде қандай адам екенімді білмейсіздер де. Қазағым, өтініш. Жүрегіме тимеңіздерші, мен де адаммын. Сеземін. Ауырсынамын", – деп жазды ол.
-
"Аяғым сүрініп кетіп, наным шашылып қалды": Гүлзира Айдарбекова жас күніндегі қызық оқиғасын бөлісті
-
"Құны – 25 миллион теңге": Гүлзира Айдарбекова көпшілікке көлігін көрсетті
Сондай-ақ Алаудың әжесі, продюсер Гүлзира Айдарбекова да қолдау білдірді.
Дара қызым, жаным сол, шоу бизнес деген солай, ол жолдың бәрімен әкең жүріп келеді. 20 жылдан бері осылай жалғасады. О баста түсінбедік, күйдік, жандық, ал қазір етіміз үйреніп кетті. Ал, сен, енді қадам бастың, бұл әлі басы ғана. Бәріне шыдам, сабыр керек, сен бәрін басыңнан өткізбей үлкен белестерге жетпейсің. Өмір болғасын ақ пен қара бірге жүреді ең бастысы басың аман болсын, отбасың аман болсын! Өмір күрес ұмытпа қызым!”, – деп жазды продюсер.
Еске салайық, "Қайрат Нұртастың қызы" деп атаса ұнамайды" деп Алау Нұртас халыққа өкпелеп жүргенін жасырмаған айтты.

Қазақстандық қыз АҚШ-та бөпелі болып, дипломын қызымен бірге алған: енді ол Стэнфордта докторантура оқымақ
