"Қалада жайлы, чемпионатта сенімді": Chevrolet Cobalt Sokol жарыс жолында өзін сенімді көрсетті
Орталық Азиядағы ең ірі автоспорт кешені – Sokol International Circuit аумағында Asia Auto Gymkhana Championship 2025 жарысының алғашқы кезеңі өтті. Жарыс FIA Халықаралық автокөлік федерациясы демеуімен, FIA Sport Grant Programme бағдарламасы аясында және AMSRSF Қырғызстанмен серіктестікте өтіп жатыр.
Қазақстандық Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Chevrolet бренді жарыстың ресми техникалық серіктесі атанды. Барлық командалар бір үлгідегі Chevrolet Cobalt автокөліктерінде бақ сынады. Бұл шешім қатысушыларға тең мүмкіндік беріп, жарыстың басты назарын пилоттардың шеберлігіне аударды.
Asia Auto Gymkhana Championship – джимхана бойынша өтетін халықаралық жарыс, күрделі техникалық дағдыларды талап ететін автоспорттың ерекше түрі. Аталған спорт түрі Жапония, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Африка елдерінде кең таралған. Жарыстың мақсаты – арнайы белгіленген кедергілерден (конустар, дөңгелектер және т.б.) тұратын қиын трассаны дәл және жылдам еңсеру. Пилоттар трассада 180° және 360° бұрылыстар жасап, артқа жүру, "сегіздік" сынды күрделі маневрлер орындайды.
Чемпионатқа 8 елден келген 10 команда қатысты: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Бангладеш, Үндістан, Сингапур, Тайвань және Гонконг. Sokol автодромындағы техникалық жағынан күрделі, бұрылысы көп трассада қатысушылар көлік басқарудағы дәлдігі мен үйлесімділігін, әсіресе жұптық жарыстарда жоғары деңгейде көрсете білді.
Қазақстандық кезеңнің қорытындысы бойынша:
Male solo
- Omurakunov Akylbek KGZ
- Vedenev Alexey KGZ
- Chun Ta Lin TWN
Female solo
- Yu Jing Lin TWN
- Mukhametzianova Diana KGZ
- Muskaan Jubbal IND
Mixed Duoble
- Kyrgyzstan
- Taiwan
- India
Male Double
- Kyrgyzstan
- Uzbekistan
- India
"Chevrolet Cobalt моделі бұл жарыстың бір бөлігі болғанына біз мақтанамыз. Көлік өзін трассада сенімді көрсетіп, пилоттардың шеберлігін толық ашуға мүмкіндік берді. Біз үшін Asia Auto Gymkhana Championship турниріне қатысу – тек автоспортты қолдау ғана емес, сонымен қатар мыңдаған қазақстандықтың күнделікті таңдауына айналған көліктің сенімділігін тағы бір мәрте дәлелдеу", – деп атап өтті Chevrolet Kazakhstan компаниясы.
Chevrolet Cobalt-тың халықаралық жарысқа қатысуымен қатар, оның нарықтағы жетістіктері де айрықша атап өтуге тұрарлық. Қазақстанның Автокөлік Одағы (ҚАО) мәліметінше 2025 жылдың сәуір айында Chevrolet Қазақстандағы барлық маркалар арасында сатылым көлемі бойынша екінші орынға шықты. Бір айда 2 725 автокөлік сатылған, оның 2 194-і дәл осы Cobalt моделі. Бұл көрсеткіш Chevrolet Cobalt-ты B сегментінде көшбасшы етті және оның халық арасындағы танымалдығын, қолжетімді әрі практикалық көлік ретіндегі беделін айқындады.
Sokol автодромы чемпионаттың алғашқы бес кезеңінің бірі болды. Алда – Шри-Ланка, Үндістан, Тайбэй кезеңдері және ақтық сын – Өзбекстанда өтеді. Chevrolet турнирдің барлық кезеңдеріне қатысуды жалғастырып, аймақтағы автоспортты қолдау мен автокөлік мәдениетін дамыту жолындағы бастамаларын нығайтпақ.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
