Алматылықтар арасында танымал демалыс орны 2025 жылы жөнделмек
2025 жылы қала тұрғындары мен туристердің көптеген шағымдарына байланысты Алматыда “Алма-Арасан” радон көзін (табиғи радиоактивті газ) жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттің тиісті жобасы қаралмақ.
“Бірегей емдік қасиеттерімен танымал орын туристер мен қала тұрғындарын, қазақстандықтарды ғана емес, шетелдіктерді де өзіне тартады. Қазіргі инфрақұрылымның жағдайына, қолайсыздықтар мен тәуекелдерге байланысты қала тұрғындары мен туристердің көптеген шағымдарына жауап ретінде кешенді жаңарту туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада.
Радон көзін жөндеу кейінгі рет 2019 жылы жүргізілді. Аумақтың инфрақұрылымы жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи стандарттарына сәйкес келу үшін жаңарту жұмыстары қажет.
“Абаттандыру жобасы бойынша инфрақұрылым объектілері толық реконструкциялаудан өтеді. Қауіпсіз сырғанауға қарсы жабындары бар жаңа көпірлер орнатылып, жол желісін және жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңартылады. Ең қауіпті учаскелерде қоршаулары бар баспалдақтар орнатылады. Сондай-ақ зақымдалған элементтерді нығайтылып, ауыстырылады. Барлық учаскелердің палубасы болат тордан жасалады. Бұл жазда да, қыста да қауіпсіз болмақ”, – деп мәлімдеді мәслихат.
Сонымен қатар жоба туристерге рельефті бағдарлауға көмектесетін, сондай-ақ радон көзінің емдік қасиеттерімен таныстыратын жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған