Қақпаны Шерхан Қалмырза қорғайды: “Қайрат” бүгін “Копенгагенге” қарсы ойнайды
Фото: “Қайрат” фк
Алматылық “Қайрат” футбол клубы жасөспірімдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда Данияның “Копенгаген” U-19 командасына қарсы матч өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл матчта "Қайрат" келесі құрамға сенім артып отыр:
Шерхан Қалмырза, Данияр Ташпулатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Әкежан Қалиқұлов, команда капитаны Азамат Тұяқбаев, Рамазан Бағдат және Мансұр Бірқұрманов.
"Копенгаген" U-19 пен "Қайрат" U-19 арасындағы ойын Астана уақытымен 17:45-те басталады.
Түнде қос клубтың негізгі құрамдары да өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, "Қайраттың" негізгі құрамы бұған дейін өз алаңында “Реалдан” 5:0 есебімен ойсырай ұтылып, “Пафоспен” 0:0 тең есеппен тарқасқае. Ал сырт алаңда “Интерден” 2:1 есебімен жеңілген еді.
Чемпиондар лигасының жалпы кестесінде “Копенгаген” 33-орында тұрса, “Қайрат” 34-сатыға орналасқан. Бүгінгі матчта жеңіске жеткен команда 3 ұпай еншілейді.
Сондықтан екі ұжым үшін де бұл матч тартысты әрі аса маңызды болмақ.
"Шетелдіктер 4250 теңге төлеп, отандастармен тең құқылы қызмет алады": Қазақстандықтар сырттан келгендердің медициналық көмекті тегін алатынына наразы

