Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қақпаға тұрып көремін, сонда мүмкін көлік берер”: Чемпиондар лигасында дебют жасаған қорғаушы пікір білдірді

Фото: “Қайрат” фк

Чемпиондар лигасының 4-турында “Қайраттың”, “Интерге” қарсы ойынында дебют жасаған Александр Широбоков матчта қолдау көрсеткен отандық жанкүйерлердің қолдауы туралы пікір білдірді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша қазақ жанкүйерлерінің көптігі оған ерекше қуаныш сыйлаған.

“Біздің елімізден келген жанкүйерлерді осыншама көп көру өте қуанышты болды, қолдау керемет еді. Біз шын жүректен ризамыз, жанкүйерлердің дауысы жақсы естілді. Тағы да айтамын, бұл өте жағымды әсер қалдырды”, — деді Широбоков.

Чемпиондар лигасындағы дебютінен кейін футболшыға әлеуметтік желіде 10 оқырман жазылғанын, танымал болу үшін бәлкім қақпаға тұруым керек шығар деп әзілдеді ол.

“Білмеймін, онша ерекше ештеңе істеген жоқпын ғой. Айтпақшы, қазір 10 жазылушы қосылды — көреміз. Бірдеңе істеу керек шығар, бәлкім қақпаға тұрып көремін, сонда, мүмкін, көлік берер (күліп)", - деді Александр.

Айта кетейік, “Қайрат” пен “Интер” арасындағы ойын 2:1 есебімен миландық клубтың пайдасына аяқталды. Нәтижесінде Чемпиондар лигасының кестесінде “Интер” бірінші орынға жайғасса, алматылық клуб 36-орынға орналасқан. Уразбахтиннің шәкірттері "Спортингке" (1:4) және "Реалға" (0:5) жол беріп, "Пафоспен" (0:0) тең түскен еді.

 

Айнұр Мұхади
Жұма, 07 Қараша, 2025 12:53
Талқылау