Мысыр елінде Қазақстан елшісінің қызметкері жұмбақ өлімде қайтыс болды
Мысыр елінде Қазақстан елшілігінің қызметкері қайтыс болды. Ер адамның денесі өз үйінің алдында табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл деректі Қазақстан Ішкі Істер министрлігі растады. Қазіргі уақытта прокуратура қазақстандықтың өліміне қатысты Мысырда тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Осыған байланысты, тергеу нәтижелері бойынша ресми нұсқа шыққанға дейін, осы оқиғаға қатысты әртүрлі түсіндірулер мен негізсіз нұсқаларға сенуден аулақ болуларыңызды сұраймыз. СІМ өкілдері Мысыр еліне тергеу жұмыстары қатысу үшін жіберілді», - делінген хабарламада.
Дереккөздердің хабарлауынша, ер адам жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Алайда, Еламан Жолдасовтың туыстары оған келіспейді. Олардың айтуынша, 13 желтоқсанда денесін тапқанда оның қолы артқа қайтарылып байланған болған. Арқасы қанға боялған екен, деп хабарлайды "Комсомольская правда".
«Біз оның қолы қайтарылғанын және арқасы былғаныш, қан болғанын естідік. Соған қарағанда оны ары-бері сүйреген», – дейді марқұмның туысы Гүлнәр Пернебекова.
Еламанның жұмысында ешқандай келіссөздер болмаған. Оның артында екі баласы және әйелі қалды.