Қағаз теңгелерде қайтадан бұрынғыдай портреттер пайда болуы мүмкін
Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева ҚР ұлттық валютасында портреттердің пайда болуына байланысты өз пікірімен бөлісті.
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
“Бұрын елдің бәрі білетін болғандықтан, портреттік серияны адамдар жақсы қабылдайды және көпшілік соған сенім артады. Бұл серияның қайта жандануы бізге ұсыныс жасайтын дизайнерлерге байланысты”, – деді Дина Ғалиева.
Сонымен қатар ол, тәуелсіздік алған жылдан бері елімізде ұлттық валютаның үш сериясы шығарылғанын да айтты.
“Банкноттардың алғашқы сериясы порттреттік болды, сосын бұл дами келе оған Әл-Фарабидің портреті, “Бәйтерек” монументі қосылды”, – деді төраға орынбасары.
Оқи отырыңыз:
Қазақ жігітінің 3 жыл жүрген сүйіктісі басқадан жүкті болып қалған
Шымкентте полиция бір ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен қызды тапты
Ерасыл Әубәкіровтің өліміне басты күдіктілер 11-ден 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды
Алматыда теракті жоспарлаған радикалды топтың үш мүшесі ұсталды