"Кафенің белгісін жауып тастаған": Таразда ер адам орталықтағы шыршаны кесіп тастады

Видеодан скриншот
Тараздың орталығында кәсіпкер үлкен көк шыршаны кесіп тастады. Кейінірек ол полицияға ағаштың оның бизнесіне кедергі келтіріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шыршаны қоқыс төгетін жерге сүйреп бара жатқан екі адам тараздықтардың көзіне түсті. Видео бірден интернетте тарады. Кейбірі біреу отбасына жаңа жылдық сыйлық сыйламақ болған шығар деп болжады. Алайда шыршаны жергілікті кәсіпкер кесіп тастаған болып шықты. Оның сыбайласы белгісіз.
Қаскөй полицияға шырша бизнесін көлеңкелеп тастағанын айтты. Салдарынан қала орталығында ондаған жылдар бойы өсіп келе жатқан ағаш жалаңаш діңгек болып қалды. Кәсіпкер оны безендіріп қоюға тырысқанымен, жағдай дұрысталған жоқ. Ер адамға 118 000 теңге айыппұл салынды.
Оралда ер адам көшедегі жаңа жылдық шыршаны ұрлап кеткен (видео)
Қазақстанда рұқсатсыз шырша сатқандарға 400 мың теңгеге дейін айыппұл салынады
"Бізде ешқандай жаман ниет болған жоқ. Біздің кафенің белгісі көрінбей қалды. Біз ағаш кесуге рұқсат қажет екенін де білмедік. Мен қала тұрғындарынан кешірім сұраймын және осында да осындай шыршаларды отырғызуға уәде беремін”, – деді ол.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады