Кабинеттегі қыз зорлау ісі: Жетісу облысында пара берген полиция басшысының әйелі жауапкершіліктен құтылып кетпек
Жетісу облысында сот Талдықорған қаласының бұрынғы полиция басшысы Марат Күштібаев тарапынан зорлық көрген қызға қатысты істі қаралып жатыр. Ер адам "Алаяқтық" бабы бойынша айыпталды. Ер адаммен бірге оның сүйіктісі мен сот хатшысы да күдіктілердің қатарына қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: zhetysu.gov.kz / Марат Күштібаев
Мәліметтерге сенсек, Күштібаевтің жұбайы оның соты жүріп жатқан кезде сот хатшысы арқылы зорлық құрбанына 40 миллион теңге берген. Бұл ақша үшін жәбірленуші соттағы жауабын өзгертуі керек болған. Алайда қыз ақшаны алғанымен, өз куәлігін өзгертпей, кейін Күштібаев "Қызметтік міндеттерін орындау барысында зорлау" бабы бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұдан кейін Күштібаевтің әйелі полицияға арыз жазып, зорлық құрбанының алаяқтық жасағанын мәлімдеген. Ал сот хатшысы өз кезегінде құқық қорғау органдарына жәбірленуші, оның қорғаушысы және Күштібаевтің әйелін қылмыстық жауапқа тарту туралы шағымданды.
Құқық қорғау органдары "Пара беру" бабы бойынша іс қозғап, бұл істе Күштібаев күдікті ретінде танылды. Ал сот хатшысы қорғауға құқығы бар куәгер мәртебесін алды. Сонымен қатар "Алаяқтық" бабы бойынша тағы бір іс қозғалып, бұл істе сот хатшысы, зорлық құрбаны мен оның жігіті күдікті, ал Күштібаевтің әйелі жәбірленуші ретінде танылды.
Көксу аудандық сотында бұл істер бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Тараптардың адвокаттары екі істі біріктіріп, қайта тергеуге прокуратураға жолдауды сұрағанымен, сот бұл өтінішті қанағаттандырмады. Келесі сот отырысы 13 ақпанға белгіленді.
Еске салайық, бұған дейін 2023 жылдың қарашасында Талдықорған қаласының полиция бастығы Марат Күштібаев 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған еді. 2024 жылдың сәуір айының соңында ол кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталды. Сонымен қатар оның арнайы "полиция полковнигі" атағы мен марапаттары алып тасталды.
Кейіннен полиция бұрынғы полиция басшысына қатысты жаңа тергеу бастағаны белгілі болды. Әлеуметтік желілерде Күштібаевтің ісіне байланысты сот қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат тарады. Ол экс-полицейдің соттағы жауабын өзгерту үшін жәбірленуші тарапқа ақша беруде делдалдық жасады деген күдікке ілінген.
2019 жылы Күштібаев Алматы облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің басшысы қызметінен босатылған еді. Себебі YouTube желісінде оның қол астындағы қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, қатты сынға алған аудиожазба жарияланған еді.