Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қабылдап алған қазақтардан сұра": Қазақстандықтың сатып алғанына 2 ай болған қытайлық су жаңа көлігі өртеніп кетті (видео)

Астаналық Павел Халиуллин есімді ер адам сатып алғанына 2 ай болған қытайлық автокөліктің өртеніп кеткенін айтып, әлеуметтік желіде дабыл қақты. Ол 16 қыркүйекте OMODA S5 маркалы қытайлық көлік сатып алған. 3 желтоқсан күні автокөлік жанып кеткен. Көлік иесі өрттің себебін анықтай алмай әлек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Көлік иесі автокөлік кедір-бұдыр жолдармен жүргенде аспаптар панелі өзімен-өзі өшіп, ал апаттық дабыл қосылып кетіп жүргенін айтады. Сөйтіп ол 30 қараша күні қызметтік кепілдемеге барып, сымдардың қысқа тұйықталғанын анықтаған.

“Диагностика жасап, 15 минуттай қолымен тексеріп көрді. Сөйтіп бәрі жақсы деп шығарып салды. Екі күннен кейін, яғни 3 желтоқсан күні көлік өртеніп кетті”, – дейді ер адам.

Сол күні автокөлік аулада тұрған. Кенет дабыл қосылып кетті. Ер адам сыртқа шығып қараса, көлік жанып жатыр екен.

“Дабылды өшірмек болып жүргізушінің есігін аштым. Бұған дейін аспаптар панелі жанып, еріп жатты. Еріп жатқан пластик қолыма тиіп кетті. Сөйтіп жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келді. Түтінге тұншығып қалғандықтан мен есімнен танып қалдым”, – дейді автокөлік иесі.

Қазір көлік Астанадағы Aster орталығының алдында тұр. Ол бұл жағдайды бей жай қалдырмай, сотқа жүгінген.

“Өрттің себебін тәуелсіз сарапшылар анықтасын деп сотқа өтініш бердім. Көліктің кепілдігі және КАСКО сақтандыруы болды. 30 қараша күні көлікте ақау барын айтып, орталыққа келгенде қытайлық директорымен сөйлестім. Ол бәрін шешіп беремін деп уәде етті. 3 желтоқсан күні автокөліктің өртеніп кеткенін айттым. “Бауырым, уайымдама, реттеп беремін” деп құтылды. Араға он күн салып “жазба, хабарласпа, көлікті жібердім, қазақтар қабылдап алды, солардан сұра” деп жауап берді. Ол арбаны сатып жібергенін білім тұр. Сол себепті жауапкершілік алғысы келмейді”, – дейді ол. 

@user4361705101771

 

♬ оригинальный звук - Павел Халиулин

 

Aster компаниясы жағдайды реттеу үшін жәбірленушімен байланысқа шығуға тырысқанын айтып ақталды. Олардың айтуынша, ер адам 30 қараша күні автокөліктегі ақауға байланысты орталыққа келген. Тексеріс кезінде айтарлықтай ақау анықталмаған. 

“Тек шамдар жанып кеткен. Ал клиент оны ауыстырудан бас тартты. 3 желтоқсан күні көліктің жанып акеткенін білгенде жағамызды ұстадық. Өйткені клиенттің қауіпсіздігі біз үшін бірінші орында. Келесі күні біз клиентпен хабарласып, 5 желтоқсанда қайтару үшін тәуелсіз сараптама ұйымдастыруды ұсындық. Біз "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға сәйкес әрекет етеміз. Мәселені шешу үшін бар күшімізді салдық. Бірақ клиент қоңырауға жауап бермей, байланысқы шықпай, маңызды ақпаратты беруден бас тартты”, – дейді компанияладағылар. 

Сондай-ақ олар ерадамның әлеуметті желіде көпшіліктің назарын аударып, түрлі бейнежазбалар таратып жүргенін алға тартты. 

“Ол алғашқы видеоларында өрттің себебін анықтауға көмектесетін объективті талдау туралы ештеңе айтпады. Сонымен қатар ол автокөліктің құнынан жоғары талап қойды. 6 желтоқсанда тәуелсіз сараптаманың ақысын төлеп, 11 желтоқсанға белгіледік. Бірақ клиент көліктің ішкі бөліктерін зерттеуден және химиялық сынақтар жүргізуден бас тартып, процедураны сыртқы тексерумен шектеуді талап етті. Бұл өрттің шығу себептерін толық зерттеуге кедергі жасады. Мұнсыз біз өрттің өндірістік ақаудан болғанын немесе болмағанын анықтай алмаймыз. Бұл ретте клиенттің көлікті өтеу, моральдық зиян мен шығындарды өтеу туралы талаптарының заңды негізі жоқ”, – делінген хабарламада.

Компания егер өрт өндірістік ақаудан шыққан болса клиентке көмектесуге, атап айтқанда барлық талаптарды орындауға, көлікті ауыстыруға немесе ақшаны қайтаруға дайын екенін жеткізді. 

“Бірақ заңды сараптамасыз, негізсіз талаптарды орындай алмаймыз. Өкінішке қарай, 19 желтоқсанда клиент біздің үстімізден сотқа шағым түсірді. Біз сотта өз ұстанымымызды қорғауға дайынбыз, бірақ сонымен бірге диалогқа ашықпыз”, – деп мәлімдеді компания.

@user4361705101771

 

♬ оригинальный звук - Павел Халиулин

 

Талқылау