Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы 28 миллион теңге парамен ұсталды

Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар-қаржы да талан-таражға түсе бастады. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро еліміздегі тұрғын үй құрылысына жауапты ұлттық «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджерін парамен ұстады, деп хабарлайды КТК арнасы.

жакупов1711

Қолдарына кісен салынғандардың бірі холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. 40 жастағы топ-менеджер Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы. Ол «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен ауыз жаласып «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауысбастырық алып отырған. Топ-менеджерлердің үшеуі де кезекті 28 миллион теңгені алу сәтінде қолға түсті. Бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған. Тергеу материалдарына қарағанда, топ-менеджерлер арзан үй салуға бөлінген қазына қаржысын осылай жүйелі түрде жымқырумен айналысыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Сәбиді шапалақпен аямай сабаған әйел Өзбекстаннан табылды

Ақтөбеде қанды қырғын жасаған террористер өмір бойына бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін

Министр Сағадиев әліппені мектепке қайтадан алып келетінін жариялады

Атырауда балабақшада көз жұмған баланың өліміне тәрбиеші кінәлі болып шықты

Талқылау