Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қабатов татуласқан Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады (видео)

“Gakku әуендері” кешінде Тұрсынбек Қабатов саханада тұрған Ерке мен Төреғалидің продюсерлерін әжуалады. Олар бір мүсіншеге таласып қалмасын деп, қос әншіге де жүлде ұсынды.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды

Gakku телеарнасы мен Астана қаласының әкімдігі бірігіп меломандарға тосын сый әзірледі. Олар 18 мамыр күні “Қазақстан” Орталық залында мерекелік кеш ұйымдастырды. Жылдың ең үздік әнінің орындаушылары арнайы мүсіншелермен марапатталды. Жүлденің кімге берілетінін тыңдармандар дауыс беру арқылы таңдады.

Дәл осындай марапатқа ие болғандардың қатарында Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан бар.

“Өзге әннен өзгеше Гәккудегі әуен.

Гәккуді ашқан құрмет көп авторға деген.

Арасында ұстатып тұрса болды.

Гәккудің нағыз сыйлығын аққуға беремін”, – деп өлеңдеткен Төреғали Төреәлі   қолындағы естелік сыйлықты Ерке Есмаханға табыстап, бетінен сүйді.

“Ерке, Төреғали, құтты болсын! Дұрыс қой. Ертең интернеттен тағы продюсерлерің Төреәлі ағамыз бен Баян Есентаева қырылысып жатпасын. “Ол мүсінше біздікі. Жоқ, біздікі. Негізі ол Төреғалиге берілген. Негізі Еркеге берді. Еркеге берсе де, бергісі келмеген. Негізі былай болған еді” деп продюсерлерді шулатпай Төреғалиге де тағы біреуін ұсынайық”, – деді кеш жүргізушісі Тұрсынбек Қабатов.

@gakkutv #Гәкку #Ұлы_Дала_Баласы #Төреғали_Төреәлі #ТТТ🇰🇿

Видео опубликовано Төреғали Төреәлi (@toregalitoreali)

Күні кеше “Сәлем, Қазақстан” бағдарламасында Ерке Есмахан Төреғали келіп ән айтайық десе, қуана келісетіндігін жеткізген болатын. Әзірге өнердегі қос ғашықтың қалай табысқаны белгісіз. Десе де, бүгінде бірге суретке түсіп, сөздері жарасқан-ды.


Оқи отырыңыз:

Төреғали Ерке Есмаханды тележүргізуші бүлдіршінге айырбастады (видео)

Депутат болғысы келген Ерке Есмахан еден жуып жүр

Ерке Есмахан Төреғали Төрәлімен арасында қандай сезім барын айтты

Төреәлі Әлиханов: Әйел адаммен сөз таластырғым келмейді

 

Талқылау