Күйеуіне ән арнаған Баян Алагөзова жанкүйерлерін сүйсіндірді (видео)
Талай әншінің жұлдызын жаққан Баян Алагөзова 40-тан асқан шағында ән айту туралы ойлана бастағандай. Таяуда ғана анасына арнап ән шырқаған продюсердің шабыты оянса керек. Ол енді сүйікті күйеуі Тұрсынғали Алагөзовке арнап ән жаздырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Баян Мақсатқызы өзінің де, қыздарының да аса әнге қабілеті жоқ екенін үнемі айтатын. Алайда ол екі перзентінің де өнерге жақын болғанын қалаған. Тіпті, Айаруды еркінен тыс 7 жыл фортепиано мектебінде оқытқан Алагөзова мұнысынан түк шықпайтынын ақыры түсінген.
Десе де, өлеңге әркімнің-ақ бар таласы демей ме? Әрі өмірлік махаббатын орта жолда кезіктірген Мақсатқызы қазіргі жай-күйін жаңа әні арқылы жеткізгісі келсе керек-ті.
Тұрсынғали Алагөзов жары Баянның өзіне арнаған әнін жариялап, алғысын білдірді. Ал желі қолданушылары Баянға “романтик” деп баға беріп, туындының әдемі шыққанын атап өткен.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ