Jurttyń balasy Youtube-арнасының авторына референдум туралы жалған ақпарат таратты деген айып тағылды
Jurttyń balasy Youtube-арнасының авторы Мұрат Даниярды атом электр станциясына қатысты референдумға байланысты полиция бөлімшесіне шақырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Asianflashh Instagram-парақшасы
Мұрат Данияр оны полиция шақырғанын мәлімдеді.
"Маған полиция келді. Қазір полиция бөліміндемін. Маған референдум алдында әдейі жалған ақпарат таратты деген айып тағылып отыр", – деді Мұрат Данияр Instagram парақшасында.
Сөзінше, белсендінің жанында адвокат бар.
8 қазанда Орталық референдум комиссиясы Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдумның нәтижелерін шығарған еді. Мәліметтерге сәйкес, АЭС салуға 71,12% адам келіскен. Осылайша, референдум өтті деп саналған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген