Jah Khalib-тің Ресейдегі концерттері өтпейтін болды
Фото: afishamira.com
Танымал қазақстандық орындаушы Jah Khalib биылғы шілде айында Мәскеуде өнер көрсетпейтін болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, оның жоспарланған екі концерті белгісіз себептермен тоқтатылған.
Алғашқы іс-шара 10 шілдеде Мәскеудегі Peach атты мекемеде өтуге тиіс еді. Бұл кеште әнші жазғы концерттік серияның аясында Михаил Шуфутинский, Сергей Лазарев, Григорий Лепс және A’Studio тобымен бірге өнер көрсетуге тиіс еді. Бұл кешке арналған үстел билеттерінің бағасы 40 мыңнан 80 мың рубльге дейін жеткен. Telegram-арналардың мәліметінше, Jah Khalib бұл концерт үшін 5 миллион рубль көлемінде қаламақы алуы керек болған.
Сондай-ақ оның райдерінде Алматы, Анапа, Петербор және Белгород қалаларынан команда мүшелерінің ұшуы, ас-су, халал ет және басқа да тұрмыстық талаптар көрсетілген.
Екінші концерт 11 шілдеде жазғы музыкалық фестиваль аясында өтуі керек еді. Ұйымдастырушылар бұл шара үшін де 5 миллион рубль төлеуге дайын болған. Алайда, екі концерт те өткізілмейді.
Айта кетейік, Jah Khalib бұған дейін де Ресейдегі концерттерінің тоқтатылуына тап болған. 2023 жылы ол әлеуметтік желіде Украинаға қолдау білдіргендей болып қабылданған сторис жариялап, дауға қалған. Кейіннен ол парақшасының бұзылғанын айтып, жарияланған суреттер отбасын эвакуациялау барысына қатысты екенін түсіндірді. Осы оқиғадан кейін Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі концерттері тоқтатылып, Ресейде оған бейресми тыйым салынғаны туралы қауесеттер тарады.
Сонымен қатар Қазақстанда да әнші зорлық-зомбылық құрбандарына қатысты айтқан пікірлері үшін сынға ұшыраған болатын. Бұл жағдай да оның қоғамдық имиджіне әсер еткен. Соңғы уақытта Jah Khalib ТМД аумағында ірі концерттерден бойын аулақ салып жүр.
"Залды жалға алу ақысы төленбеген": Атырауда Мирас Жүгінісов пен Qanay-дың концерті өтпей қалды
"Арамызда қалсын бәрі": Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас әншімен дуэт орындаймын деп сынға қалды
Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлінің еліміздегі біраз концерті өтпей қалған еді. Әнші Төреғали Төреәлінің концерті кейінге шегерілді. Бұл туралы оның әріптесі, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова хабарлады. Оның айтуынша, концерттің кейінге қалдырылуына өнер иесінің денсаулығына байланысты жағдай себеп болған.

"Артында төрт баласы қалды": Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған азаматтың отбасы 5 жылдан бері пәтер ала алмай жүр
