Jah Khalib қызының денсаулығына байланысты Қазақстандағы концерттерін өткізбейтін болды

Фото: Instagram/Jah Khalib
Музыкант Jah Khalib Қазақстан қалаларындағы концерттердің тоқтауына байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ол не себепті Өскемен, Шымкент, Алматы, Астана және Ақтау қалаларындағы концерттері болмайтынын түсіндірді.
"Beyonce та бар": Скриптонит пен Jah Khalib Ресейдің "қара тізіміне" енді
"Жаңа туған қызымның отадан кейін жағдайы ауыр. Бар жігерімді жинайын десем де, сахнаға шыға алмаймын. Әрине, қазір менің қолдауымды ерекше қажет ететін әйеліммен бірге болуым керек. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын және мүмкіндігінше балаларымыздың дені сау болуы үшін дұға етуіңізді сұраймын", – деп жазды әнші.
Еске салсақ, Jah Khalib-тің Ресейдегі концерттері өтпейтін болды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі