Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израильде жүк көлігі аялдамаға соғылып, 35 адам жарақат алды

Израильде жүк көлігі аялдамаға соғылды. Апат кезінде автобус жолаушыларды түсіріп жатқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Израильдің 12-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

израиль автобус

Фото: Itai Ron/Flash90

Арна мәліметіне сәйкес бес адам ауыр, төрт адам орта және сегіз адам жеңіл жарақат алған. Жүк көлігінің астында қалған жолаушылар эвакуацияланған. Оқиға Тель-Авив маңындағы Рамат-Ха-Шарондағы Аарон Ярив желекжолында орын алды. 

Жүк көлігінің жүргізушісін полиция өлтірген. Апат болған жерге жедел жәрдем келіп, тұрғындар жарақат алғандар үшін қан өткізген. 

Куәгерлердің сөзінше, жүк көлігі автобус станциясына соғылған. Полиция мен құтқарушылар келіп, жарақат алғандарды құтқарған.

Талқылау