Израиль Ливандағы "Хезболла" зымыран қоймасына шабуыл жасағанын мәлімдеді
Фото: Hussein Malla/AP
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесі Израильдің әскери-әуе күштері еврей мемлекетіне қауіп төндіретін Бейрут маңындағы "Хезболла" ұйымының дәлдіктегі зымырандары қоймасына соққы жасалғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме хабарлайды.
"Премьер-министр Нетаньяху мен қорғаныс министрі Исраэль Кацтың нұсқауы бойынша Израиль қорғаныс күштері Бейруттағы "Хезболла" ұйымының дәлдіктегі зымырандары сақталған инфрақұрылымға жойқын соққы жасады. Бұл Израиль мемлекетіне айтарлықтай қауіп төндірді", – делінген хабарламада.
Бейрут маңындағы Дахия “Хезболла” үшін пана бола алмайтынын және Ливан үкіметі Ливан аумағынан келетін қауіптердің алдын алу үшін тікелей жауапты екені айтылды.
Жексенбі күні Израиль әскери әуе күштері Бейруттың оңтүстігіндегі Хадас ауданындағы ғимараттың біріне шабуыл жасады. Бұған дейін Израиль әскері Ливан астанасының шетіндегі нысанаға соққы жасалатыны туралы ескерту жариялап, бейбіт тұрғындарды бұл аумақтан эвакуациялануға шақырған еді.
Бұған дейін Израиль ХАМАС-пен тұтқындарды айырбастау үшін бітім туралы келіссөздер жүргізіп жатқаны туралы жазған едік.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
