Израиль Иранға соққы жасады

Видеодан скриншот
Израиль Иранға алдын ала шабуыл жасады. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац Тегеранда жарылыстар естіліп, қаланың үстінде түтін көтерілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Израильдің соққысынан кейін жақын арада Иран Израильге зымыран және дрон шабуылын жасамақ.
Тегеранда кем дегенде екі жарылыс болған.
Сонымен қатар Израиль зымыран шабуылына дайындық жасап, төтенше жағдай жариялады. Тель-Авивте ұзақ уақыт алғаш рет әуе шабуылы сиреналары шырылдаған. Билік тұрғындарға қауіпсіз жерде болуды ұсынатын хабарлама жіберді.
Бір күн бұрын сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"