Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль "Хезболла" көшбасшысы Хасан Насралланың өлтірілгенін мәлімдеді

ЦАХАЛ "Хезболла" көшбасшысы Хасан Насралланың көзі жойылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

насралла

Фото: wikipedia.org

ЦАХАЛ өкілінің сөзінше, Хасан Насралламен бірге "Хезболла" оңтүстік қапталының қолбасшысы Али Карчи де өлтірілген. 

"Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары бақылау бөлімінің және қорғаныс жүйесінің басшылығымен "Хезболла" орталық штабына соққы жасады. Штаб Даха Бейрут аймағында тұрғын үйдің астында орналасқан. Соққы кезінде "Хезболла" басшылығы штаб-пәтерде Израиль азаматтарына қарсы террористік әрекетін ойластырып жатқан", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар ЦАХАЛ Сирияның оңтүстігінде ХАМАС инфрақұрылымының басшысы Ахмед Мұхаммед Фахданы да өлтірген. 

"Ахмед ЦАХАЛ мен Израиль мемлекетіне қарсы террористік операцияны жүргізуге жауапты болған. Соның ішінде Голан биігінде ат ұйымдастыру да бар еді. Фахад тағы бір террористік жоспарын жоспарлап жатқанда көзі жойылды. ЦАХАЛ әрі қарай да террористерді жоя береді", – делінген хабарламада. 

Талқылау