Израиль Газада 70 мың адамның қаза тапқанын растады

Израиль Қорғаныс армиясы Сектордағы Денсаулық сақтау министрлігінің берген деректері Газадағы соғыста қаза тапқан адамдардың саны шындыққа сәйкес деп есептейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ЦАХАЛ алғаш рет Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыста Газада шамамен 70 мың адам қаза тапқанын растады. Бірақ ешбір дені сау адам аштан өлмеді деп мәлімдеді.
“Әртүрлі халықаралық ұйымдар қаза тапқандардың басым бөлігі бейбіт тұрғындар деп көрсетті. Алайда Израиль бұл ақпаратпен келіспейді, олар қаза тапқандардың 25 мыңға жуығы ХАМАС террористері деп санайды”, – деп жазады The Jerusalem Post.
Израиль Қорғаныс армиясының мәліметінше, 2024 жылға дейін ХАМАС ұшырған ракеталардың шамамен 13%-ы техникалық ақауларға байланысты нысанаға тимей қалған, бұл көптеген палестиналықтардың қазасына алып келді.
Израиль тарапының мәлімдеуінше, ХАМАС-тың өзінің саяси қарсыластары деп санаған палестиналықтарды және кейбір аудандардан кетуге тырысқан бейбіт тұрғындарды атып өлтірген кездер де болған.
“2023 жылы 7 қазанда соғыс басталғалы бері қаза тапқандар саны 71 667 адамға жеткен, оның ішінде 2025 жылы қазан айында атыс тоқтағаннан кейін қаза тапқандар саны 450-ден асады. Ведомство құжаттарында табылған мәйіттердің 90%-нан астамының аты-жөні мен жеке деректері көрсетілген”, – деп хабарлады Газаның Денсаулық сақтау министрлігі.
Халықаралық ұйымдар мен кейбір БАҚ-тың бағалауынша, аштықтан шамамен 450 Палестина халқы қайтыс болған. Алайда ЦАХАЛ бейсенбі күні бұл деректердің жалған болуы мүмкін немесе оған соғыс басталғанға дейін ауыр және қауіпті ауруларға шалдыққан адамдарды қоса есептеген деп мәлімдеме жасады.
Израиль Қорғаныс армиясының өкілдері 2025 жылғы шілде-тамыз айларында азық-түлік дағдарысы болғанын мойындағанымен, сол кезде олар аштықтың алдын алу үшін азық-түлік жүк көліктерінің санын көбейтіп, дереу әрекет еткенін жеткізді.
“Соғыс кезінде Газада 112 000 гуманитарлық көліктік жүк жеткізілген, оның ішінде 1 700 000 тонна азық-түлік бар. Осы уақыт ішінде 600 000 бала полиомиелитке қарсы екпе алған”, – деп мәлімдеді ЦАХАЛ
Бұған дейін Газада суықтан 10 бала үсіп өлген еді.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді