Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль Бейрутқа әуе соққысын жасады

Фото: ТАСС/АР/Abdel Kareem Hana

Израиль авиациясы Бейрутқа соққы жасады.“Хезболла” ұйымының жоғары лауазымды жетекшісі шабуылдың негізгі нысанасы болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі израильдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Израиль қорғаныс армиясы “Хезболла” ұйымының Бас штаб бастығының міндетін атқарушысы және ұйымдағы екінші маңызды тұлға – Али Табатбаяға шабуыл жасады.

Олар Бейруттағы Дахия ауданында орналасқан Табатбая жасырынған жерге соққы жасады. Шабуылдың нәтижелері әзірге белгісіз. 

“Израиль өз мақсатын қол жеткізу үшін  кез келген жерде және кез келген уақытта әрекет етуге дайын”, — деді Нетаньяху кеңсесі шабуылға қатысты пікір білдіріп.

Жоғары лауазымды израильдік шенеунікке сілтеме жасаған БАҚ АҚШ-тың бұл шабуыл туралы алдын ала хабардар болғанын мәлім етті. 

Айым Болатқызы
Жексенбі, 23 Қараша, 2025 19:24
Талқылау