Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль әскері Нецарим дәлізінен шықты: Палестиналықтар үйіне оралды

Жексенбі күні Израиль әскері Хамаспен атысты тоқтату келісімі аясында Газаны екіге бөлетін әскерилендірілген аймақ Нецарим дәлізінен шығып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: AP/ Oded Balilty

Жүздеген палестиналық осы аймақ арқылы өтіп, көбі солтүстіктегі қираған үйлерінен жаяу, көлікпен, тіпті есекпен оралып жатты. Адамдар Израильдің 15 ай бойы бомбалаған қирандылардан және дәліздегі бақылау-өткізу пункті арқылы өтуге мәжбүр.

Израиль күштері аумақтың солтүстігін оңтүстіктен бөліп тұратын дәлізден және Израильдің Газа секторымен шекарасынан Жерорта теңізіне дейін созылып жатқан алты шақырымдық жер белдеуінен түгелдей шықты.

Газа секторындағы бұрынғы израильдік Нецарим елді мекенінің атымен аталған дәлізді израильдік әскерилер анклавты кесіп өтетін стратегиялық орталық жолды құру үшін салып, басып алған.

Израиль дәлізді Газаға 15 айлық шабуылы кезінде оккупация аймағы ретінде пайдаланды. Әскер Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқтату туралы келісім аясында екі апта бұрын Нетзарим дәлізінен шығарыла бастады.



Газа билігінің мәлімдеуінше, Израиль күштері дәлізді ашқаннан кейін алғашқы 72 сағатта 500 мыңға жуық палестиналық қоныс аударған. Яғни Газа халқының төрттен бір бөлігі солтүстікке қарай бет алды. 

Атысты тоқтату және кепілге алынғандарды босату келісімі бойынша Израиль әскері Нетзаримнен түгел шығуға міндетті. Әзірге кепілге алынған 33 адамның 16-сы босатылды.

Бұған дейін Трамп Газаны өз бақылауына алып, палестиналықтарды басқа жерге көшіруді ұсынған еді.

Талқылау