Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Израиль 80 мың дана вакцинаны жойып жіберді

Израиль 6 миллион шекел (1,8 миллион доллар) тұратын 80 000 данаға жуық коронавирусқа қарсы вакцина жояды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times of Israel  басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, препараттар жарамдылық мерзімі өткендіктен жойылған. 

Департамент вакциналардың нақты санын айта алмайтынын атап өтті, өйткені олар құпия келісімге қол қойған. COVID-19 пандемиясы басталғалы бері мұндай үлкен көлемдегі вакцина жарамсыз болып қалмаған. Бұл бірінші рет орын алып отырған жағдай.

"Израиль вакциналардың жарамдылық мерзіміне ерекше мән береді. Мемлекет қазір құпиялылық туралы келісімге қол қойды және вакциналардың нақты санын айтуға болмайды", – делінген елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Вакцинаның нақты қай түрінің жарамсыз болып қалғаны туралы айтылмаған. Бірақ Израильде америкалық Pfizer вакцинасы қолданылып жатқаны белгілі. 

Айта кету керек, Израиль пандемияға қарсы күресте әлемдегі ең табысты елдердің бірі болды, оның 9,3 миллион халқының жартысынан көбі ішінара немесе толық егілген вакцинациялау бағдарламасын ең жылдам жүзеге асырды.

Талқылау