Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іздемеңдер, кетіп қалдым": Ақмола облысында көпбалалы ананы пойыз басып кетті

Фото: freepik.com

Ақмола облысында көпбалалы ана өтіп бара жатқан пойыздың астына түсіп қайтыс болды. Төтенше жағдай 10 маусымға қараған түні Аршалы ауданындағы Анар вокзалында болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік полициясы басқармасы қайғылы оқиғаны растады.

"Астана станциясындағы желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір іс бойынша қажет тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада. 



Әлеуметтік желіде 62 жастағы әйелдің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Бейресми ақпарат бойынша, әйел туыстарына "Мені іздемеңдер, кетіп қалдым..." деп жазылған хат қалдырған. Марқұмның ауылдастары шарасыз әрекетін оның ауыр сырқатымен байланыстырады. Олардың айтуынша, отбасы толық, жағдайы жақсы болған. 

Айта кетейік, бұған дейін Семейде 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында "Жансая" базары маңындағы Дулатов көшесінің бойындағы теміржол өткелінде әйелді жүк пойызы басып кеткені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 11 Маусым, 2025 11:24
Талқылау