Паттайядағы тоғанның жанынан 30 жастағы ер адамның бөлшектелген денесі табылды. Оны ұрлап кеткен қылмыскерлер Емельяновтың отбасынан 120 мың доллар көлемінде қаржы талап еткен. Baza Telegram арнасының мәліметінше, ер адамның анасы қажетті соманы тауып, Таиландқа ұшып барған. Алайда қылмыскерлер байланысқа шықпай қойған.
Полиция бір күдіктіні ұстады. Ол шетелдік болып шықты. Тергеу ісі қылмыс берешекке байланысты болуы мүмкін деп болжам жасап отыр. Тергеу жалғасып жатыр, қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталып жатыр.
БАҚ деректеріне сенсек, Михаил Емельянов Таиландта серіктесімен заңсыз кәсіппен айналысқан. Кейін олар жанжалдасып қалған. Марқұмның анасының айтуынша, ұлы өзінің өміріне қауіп төнгенін сезіп, Бангкокта жоспарланған кездесуге дейін ол байланысқа шықпаса, екі сағат ішінде іздеуді бастауын сұраған. Сол уақыттан кейін ол жоғалып кетті.
Еске салайық, Михаил Емельянов 7 қаңтарда жоғалып кетті. Ол іскерлік кездесуге кеткен, содан кейін оны ешкім көрмеген. Ресейлік азаматтың Таиландта өз жеке есірткі саудалайтын дүкені болған.
