"Итті атқанша, мені ат": Жазира Байырбекова бала күніндегі қызық оқиғасын бөлісті
Танымал әнші Жазира Байырбекова бала күніндегі ерекше оқиғаны есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/
Өнер иесі бала күнінде иттен қатты қорқатынын айтып берді.
"7-8 жасымда мектепке барар жолдағы бір үйдің итінен қатты қорқып өтетінмін. Үлкен ит. Адам өткен сайын жұлқынып, үрмей қоймайтын, шынжыры жолға дейін жететін. Мен өтерде ұйықтап жатса екен деп тілейтінмін. Босап кетсе талайтыны анық. Сонда әке-шешемізге қорқып өтетінімізді неге айтпадым екен. Анам ешқандай көмекшісіз үй, аула, ауладағы бау-бақша шаруаларынан босамайтын. Әкеміз біз ұйықтап жатқанда жұмысқа кетіп ұйықтар алдында келетін. Жексенбі күнгі уақытын бізге арнап, еркелетіп, масақ теруге, немесе балық, құс аулауға ертіп баратын", – деп естелігін бөлісті әнші.
-
"Алтын көрсе періште жолдан таяды": Жазира Байырбекованың жазбасы көпшілікке ой салды
-
"Соғыста жүргендей болдым": Жазира Байырбекова келін болып түскен кезін есіне алды
Сондай-ақ эстрада жұлдызы әпкесін қалай ит тістеп алғанын айтып берді. Сөзінше, иттен қорқатынын ата-анасына мүлдеп айтпаған.
“Бір күні Сәбира әпкемді ит тістеп алды. Әкем ашуланса ашуы қатты еді. Үйдегі мылтықты алып шығып итті атпақ болды. Сонда үйдің иесі "Оны атқанша мені ат" деп мылтықтың алдына тұрып алды. Әкем ашуын басып, ит аман қалды. Қазір ойлаймын иттен қорқып жүргенімді ата-анама айтпағаным бала күнгі болмысым ба, әлде көпбалалы отбасында әр балаға жеке мән беріп үлгермеді ме, әлде анамның қолы босамайтын болған соң өз мәселемізді өзіміз шешіп жүрдік пе, немесе ата-анаға сезімдерімізді айтып үйренбедік пе екен?!", – деп ой қозғады өнер иесі.