Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігер жерлеу бюросының тапсырысымен науқастарды өз қолымен өлтіріп келген

Италияда жерлеу бюросының тапсырысымен науқастарды өлтірген медицина қызметкері тұтқындалды. Бұл туралы Quotidiano хабарлады.

Фото: quotidiano.net

Тергеушілердің айтуынша, 42 жастағы Давид Гарофало инъекция кезінде науқастарға ауа жіберген. Науқастар ауа эмболиясынан қайтыс болған. Қайтыс болған науқастардығ туыстарына келісіп қойған жерлеу бюросының мекен-жайын айтып отырған.

Ол бұл қызметі үшін 300 еуро (112 мың теңге) алып отырды.

Оның қолынан өлген науқастар жазылмайтын аурумен ауырған, оның екеуі жасы келген адамдар болғандықтан олардың өлімі мұқият зерттелмеген.

Медицина қызметкерінің бұл ісі эвтаназия емес, мақсатты қылмыс. Полиция оны 3 адамды өлтіргені үшін айыптады. Бірақ прокуратураның айтуынша, 2012-2016 жыл аралығында 50 адамды осындай жолмен өлтіруі мүмкін екендігін айтты.

Тағы оқыңыз:

26 жастағы әйел 25 жыл бұрын ұрықтанған қызын босанды (фото)

Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады

Ханзада Гарри мен актриса Меган Маркл құдаласу сәтіндегі суреттермен бөлісті

Талқылау