Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық сәнгер Иванка Трампты ұрлық жасады деп айыптады

Aquazzura брендінің креативті директоры және италиялық сәнгер Эдгардо Осорио Иванка Трампты плагиат жасады деп айыптады.

Бұл туралы Дни.ру басылымы хабарлайды.

Эдгардо Осорио Aquazzura топтамасындағы “Дикая штучка туфлиін Иванка Трамптың “Хетти” туфлиімен салыстырды. Айтуынша, екі туфли бірдей болғандықтан, ол президенттің қызын сотқа беріп отыр. Десе де, олардың бағасында айтарлықтай айырмашылық бар. Италиялық сәнгердің туфлиі 785 доллар тұрса, Иванка Трамптың туындысы 65 долларға бағаланып отыр.

Бастпқыда Эдгардо Осорио соттың көмегіне жүгінгісі келмеген. Тек Иванка Трамптың туфлиін сатылымнан алып тастауды талап еткен екен. Мұнымен қатар, “Хетти” туфлиінен келіп түскен ақшаны өзіне беруді талап еткен. Бұл ұсыныстан Иванка Трамптың компаниясы бас тартқандықтан, шешімді сот шығарады. Бірінші тыңдалым 2018 жылдың наурыз айына жоспарланып отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Мұғалім мектептің 30 мың доллар ақшасын казиноға тігіп, ұтылып қалған

“Мисс Түркия-2017” жеңімпазы етеккір туралы жазбасына бола тәжінен айырылды

Солтүстік Корея Трамптың Бас Ассамблеядағы сөйлеген сөзіне жауап ретінде сутегі бомбасын жармақшы

Арабиялық әуе компаниясы әлемде алғаш рет ұшақты екі жатын кереуетімен жабдықтады (видео)

Талқылау