Бөксесін үлкейткісі келген блогер отадан кейін қайтыс болды

38 жастағы италиялық блогер Юлия Бурцева Мәскеудегі Elmas элиталық косметология емханасында отадан кейін қайтыс болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Юлия Бурцева Самара қаласынан көшіп кетіп, ұзақ уақыт Италияда тұрған. Ол италиялық азаматқа күйеуге шыққан. Бір қызы бар. Блогер Мәскеуге бөксесін үлкейту үшін ұшып келген.
4 қаңтар күні күндіз науқастың комаға түскені белгілі болды. Науқаста анафилактикалық шок болып, ол ауыр халде шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, әйелді аман алып қала алмады. Аталған дерек бойынша “Абайсызда өлімге себеп болу” бабына сәйкес, қылмыстық іс қозғалды.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті