Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жерлеуіне 10 мың адам қатысып, резонанс тудырды": Бұрынғы сүйіктісін қатігездікпен өлтірген 22 жастағы жігітке сот үкімі шықты

Италия соты бұрынғы жігіті пышақтап өлтірген 22 жастағы Джулия Чекеттиннің өліміне қатысты үкім шығарды. Аталған қылмыс елде үлкен резонанс тудырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне бүкіл әлемнің назарын аударған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Сот Италияның Венеция аймағының тұрғыны, 22 жастағы Филиппо Туреттаның 2023 жылдың қарашасында Чекеттинді өлтіргенін растап, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Кісі өлтіру оқиғасынан бір жыл өткен соң, қылмыстың барлық мән-жайы белгілі болды. Қылмыскер марқұмды қарым-қатынасты аяқтайық, дегені үшін қызғаныштен өлтірген. келмейтін қыз екені белгілі болды.

Айырылысуға 15 себеп

2023 жылдың 11 қарашасында Туретта биомедициналық инженерия мамандығының студенті Секкетинді оқуынан алып кеткен. Ол сол күні кешке оған 70-тен астам пышақ сұғып, денесін полиэтилен пакетке орап арықтың түбіне тастап кеткен.

Осыдан кейін Туретта із-түссіз жоғалып кеткен. 18 қарашада Чекеттиннің денесі табылып, келесі күні Туретта Германияда қамауға алынды. Ол қызды өлтіргенін мойындап, Италияға экстрадицияланды.

Жақында Джулияның отбасы қыздың "жігітпен ажырасуға мәжбүр болған 15 себебін" атаған жазба жариялады. Қыз мұны қаза болудан бірнеше ай бұрын жазған. Джулия Чекеттин өз жазбасында Туреттаның өзіне оқуда қалай көмектескенін жазған. 

"Ол мені білім алуға шабыттандыратын. Алайда соңғы кездері жүрек смайликтерін жібермейтін болды. Маған көп жазбайтын болды. Тіпті достарыммен тірге сыртқа шықпауды, кездеспеуді талап етті", – деп жазған ол. 

Марқұмның әкесінің сөзінше, Туретта қызына толықтай билігін жасап, оған иелік еткен. 

"Ол қызымды жеке өмірінен айырды. Кейін біз оның ауыр жағдайына өзін себепкер деп санайтынын және бұл үшін жауапты екенін түсіндік", – дейді әке.

Ал қылмыскер тергеу кезінде оны өлтірген түні Джулия оған тым тәуелді екенін және тым көп нәрсені қалайтынын айтқанын растады. 

"Мен оны көліктен түспек болған кезде өлтірдім. Себебі қатты ашулы болдым”, – деді сотталушы. 

"Патриархалдық қоғамның қалыпты ұлы"

Туреттаның адвокаты Джованни Карузоның сөзінше, қорғауындағы азамат қызды өлтіремін деп ойламаған. Ол Туреттаға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды сұрады.

"Ол Пабло Эскобар емес", – деді Карузо. 

Әйел өлтіру оқиғалары италиялық баспасөзде жиі жарияланады. Бірақ Джулия Чекеттиннің оқиғасы көпшіліктің назарын өзіне айрықша аударды. 

Фото: BBC

Бүкіл халық бір апта бойы қыздың денесін іздеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын бақылап отырды. Бойжеткеннің колледжді бітіруіне бірнеше күн қалғанда өлтірілгені жұртты елең еткізді. Падуада оның жерлеу рәсіміне 10 мыңнан астам адам қатысты. Жерлеу рәсімінде Джулияның әпкесі Елена жылап тұры, Филиппо Туреттаны "құбыжық емес, патриархалдық қоғамның қалыпты ұлы" деп атады.

Аудио хабарламалар

2023 жылдың қараша айында Джино Чечетти Джулияны еске алу қорын ашу кезінде Италияның білім министрі Джузеппе Валдитара елде патриархат жоқ екенін және жыныстық зорлық-зомбылықтың өсуі басқа нәрсемен - байланысты екенін айтты. Алайда бұл сөздер көпшіліктің ашуын келтірді.

Фото: BBC

"Джулияны құрметті ақ итальяндық өлтірді. Әкем зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін іске көшті. Ал үкімет не істеп отыр", – деп жауап берді жәбірленушінің әпкесі Елена Чекеттин. 

Қызы қайтыс болғаннан кейін Джино Чекеттин өзін толығымен жасөспірімдермен жұмыс істеуге арнады. Ол жасөспірімдерді эмоцияны жеңіп, айналасымен жақсы қарым-қатынас құруға үйретеді. Сондай-ақ ол мектептерге барып, оқушыларға қызының басынан кешкенін айтады. 

Джино Чекеттиннің сөзінше, қызы өзін қорғауға тырысқан. Оның дыбыстық хабарламалары достарына жолданған хаттарда сақталған.  

Фото: BBC

Гендерлік зорлық-зомбылықпен күресетін Differenza Donna қайырымдылық ұйымының өкілі Элиза Эрколи дауыстық хабарлар көпшілікке айтарлықтай әсер етіп жатқанын айтты. Оның ұйымы қыздарының осындай мінез-құлқын байқаған көптеген ата-аналардан қоңырау қабылдай бастағанын жеткізді.

"Біз әдетте проблема көгерген кезде ол басталады деп ойлаймыз. Бірақ көп жағдайда оның тамыры жасырын психологиялық зорлық-зомбылықта жатыр", – деді ол.

Джулия Чекеттинді өлтіргеннен кейін халық зорлық-зомбылық жөніндегі ұлттық сенім телефонын көбірек пайдалана бастаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57% -ға өскен. 

Талқылау