"Ит-құстың бәрі сатты": "Қайрат – Реал" матчына билет сатып, сынға қалған Нұрлан Еспановтың ұлы ел алдында ақталды
Фото: https://www.instagram.com/espanov_olzhas/
Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас “Қайрат – Реал” матчына сатылған билеттерге қатысты жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы билеттерді өзінің сатып алмағанын айтып, ақталды.
“Бұл – пранк. Жалпы менде не жұмыстарыңыз бар?! Менде билет жоқ. Қолымда билет болса, стадионда жатпаймын ба?! Ит-құстың бәрі миллиондап билет сатып жатыр. Бұл парақшамның белсенділігін көтеру мақсатында салынды. Ол билеттер менде жоқ. Сондықтан артық кетпеңіздер! Мен не сатсам да, өзім білем. Біреудің жұмысында шаруаларыңыз болмасын. Әркім өзі біледі. Мен жай ғана біреудің билеттерін өзіме салдым. Демек нәтижеге қол жеткіздім. Қазақстан шулады. Бұл – маркетинг, бұл – пиар. Артық кетпеңіздер! Менің әкеме де тіл тигізуші болмаңдар! “Қайратқа” тек сәттілік тілеймін”, – деп жазды Олжас.
Одан кейін Сәкен Майғазиевтің ұлы да не себепті билет сатқанын түсіндірді.
“Мен жеке билет сатқан жоқпын. Жақын араласатын досым өтінгесін, салып бердім. Бұл билеттер – шақырту билеттер. Еш жерде сатылмайды. Сатылымға шықпаған. Сайттарда жоқ. Оны сатып алу, сатып алмау әркімнің өз еркінде. Билет деген нан мен су емес қой. “Сатып алмасақ болмайды” дейтін. Өзім 100 мыңға билет алмаушы едім. Әркімнің қызығушылығы әртүрлі”, – деп жазды Әділет Майғазиев.
Еске салайық, Жанкүйерлер "Қайрат" – "Реал" матчына билет сатып алып, ойынға кіре алмағанын айтып шағымданды.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
