Баланы жыланнан құтқарған иттің өзі өлді (видео)
Тағы бір үй жануары баланы улы жыланнан құтқарам деп мерт болды. Кобра үй ішіне кірмек болған.
Филиппиннің Кидапаван қаласында бейнебақылау камерасына екі иттің кобра жыланымен арпалысқан сәті түсіп қалған. Улы жылан мен ит үй ауласында айқасты. Үй ішінде бір жасар бала болған.
Мокси атты ит жыланды байқап, оған тұра ұмтылады. Оған Майли атты ит көмекке келеді. Екеулеп жыланды тістеп, кезекпен лақтырысты.
Иттер мен жыланның айқасы 10 минутқа созылған. Иттер жыланды тістеп алды. Алайда кейінірек жылан уынан Майли мерт болды. Мокси аман қалды. Жылан оны да тістеген екен. Жылан уынан оның көзі көрмей қалды.
"Әйелім екеуміз жұмыста болғанбыз. Камераны көріп таңғалдық. Иттерімнің алдында қарыздармын. Олар менің қызымды қорғап қалды. Майлиді сағынатын болдық", - дейді қыз баланың әкесі.
Тағы оқыңыз: Иттер туралы таңғажайып мәлімет
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"